2023 жылғы 16 наурызға арналған Батыс Қазақстан облысындағы су тасқыны жағдайы туралы ақпарат

2023 жылғы 16 наурызға арналған Батыс Қазақстан облысындағы су тасқыны жағдайы туралы ақпарат

Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар бойынша белсенді жұмыстар жалғасуда.

"Бір тәулік ішінде Орал қаласында және облыстың 6 ауданында – Бөрлі, Қаратөбе, Шыңғырлау, Сырым, Казталов аудандарында жұмыс жүргізілді және Бәйтерек ауданында инертті материалмен қаптар төсеу жалғастырылды. Барлығы 6000 қап төселді, 84000 текше метрге жуық су сорылды. Жалпы, су тасқыны кезеңінің басынан бастап Батыс Қазақстан облысы бойынша 32 000 қап инертті материал төселді, 420 000 текше метр су сорылды. Тартылған күштер мен құралдардың жедел іс-қимылымен бұрын су басқан 57 тұрғын үйден су айдау аяқталады, өз үйлеріне 100-ден астам адам қайтарылады. Бұрын эвакуацияланған 188 адам туыстарында қалады. Жағдай үнемі бақылауда. Сонымен қатар, су тасқыны салдарын жою 20 саяжай аумағында жүргізілуде",-деді Батыс Қазақстан облысы ТЖД бастығының орынбасары Қанат Доспаев.

Сондай-ақ, өткен тәулікте Сырым, Қаратөбе және Шыңғырлау аудандарында жағдай тұрақтанды, күштер мен қаражат басқа учаскелерге бағытталуда.

Қазіргі уақытта Орал қаласы шегіндегі Дерқөл және Шаған өзендерінің арналарында су деңгейінің мониторингі қамтамасыз етілуде. Көрсеткіштері бойынша жедел шешімдер қабылданатын 11 су бақылау бекеттері қойылды.