НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Су тасқыны жағдайына байланысты Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде 55-40-66, 87052469629 жедел желі телефоны ашылды.



Шаған және Деркөл өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін, яғни төмендегі аудандарды су басу қаупі бар. Олар — Шаған және Деркөл өзендерінінің жайылмасында орналасқан бау-бақша серіктестіктері.

Су басуға ұшырайтын аймақтарда тұратын тұрғындар ескерген жөн:

-Өзендерде судың көтерілуі басталғанға дейін тұрғылықты орны және үй жануарлары мен құстарды өзге орындарға көшіру;

-Өзен тармақтарына, арықтарға, сайларға жақындамай, тұрғылықты жерден жоғарғы жерлерге шығу немесе кету маршруттарын алдын ала анықтау;

-Өзендерде судың көтерілуі басталған уақытта тұрғылықты жерде қалатын мүлікті жоғарғы қабаттарға, шатыр астына апарып, өздерін және үй жануарларын қорғау шараларын жүзеге асыру.

Егер су басу қаупі байқалған жағдайда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған су тасқыны жағдайы, сонымен қатар, жақын маңдағы өзен мен оның тармақтарында, арықтарда, сайларда судың көтерілуі туралы берілетін ақпаратқа назар аударған жөн.

Эвакуациялық жағдай орын алған уақытта көршілеріңізге хабарлап, газ, электр жүйелерін ажыратып, пешті сөндіріп, төменгі қабаттардың терезелері мен есіктерін бекітіп, өздеріңізбен бірге құжаттарды, құнды заттарды, бірінші қажетті заттарды алып және қауіпсіз аймағына шығуларыңыз сұралады.