Сенбі күні әкімі Нариман Төреғалиев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Сенбі күні әкімі Нариман Төреғалиев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

 

Қабылдауға келген азаматтар ТҮКШ, денсаулық сақтау саласына, тұрғын үй мәселесіне қатысты сауалдар көтерді және тұрақты жұмысқа орналасу жөнінде көмек сұрады.

Облыс әкімі тұрғын үй беру заң аясында кезек тәртібімен берілетінін баса айтып, уақытша баспанамен қамту жұмыстары жүргізілетінін жеткізді. Сондай-ақ, өзге де мәселелерге қатысты жауапты сала басшыларына тапсырма жүктеді.

Айта кетейік, тұрғындар облыс әкімінің қабылдауына egov порталы арқылы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша арыз тастау арқылы жазыла алады.