Кадрлық тағайындау

Кадрлық тағайындау

 

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі келісімімен және Батыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен облыс әкімінің орынбасары болып Балтаев Ержан Талғатұлы тағайындалды.

Балтаев Ержан Талғатұлы 1983 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, Қазақстан-Британ техникалық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін «құқықтану», Ұлыбританияның Абердин Университетін «әкімшілік іскерлік» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы Астана қаласы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтың маманы болып бастаған.

Әр жылдары:

- «CAPS Distribution» компаниясында заңгер;

- ТАИБ Қазақ Банкінде заңгер, департамент директоры;

- Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы жобаларында ұлттық менеджер, бағдарламалардың үйлестірушісі;

- «Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясында басқарма төрағасы;

- ҚР Әділет министрлігі Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаменті басқармасының басшысы;

- «ҚПО Б.В.» компаниясында жоба басқарушысы;

- «TENDEU» Халықаралық Арбитраж агенттігінің директоры;

- «Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығының басқарма төрағасы қызметтерін атқарған.

2021 жылдан бері Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысы болып қызмет етті.

Ержан Талғатұлы Балтаев кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму, құрылыс, қаржы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне жетекшілік ететін болады.