Кадрлық тағайындау

Кадрлық тағайындау

 

Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының лауазымына Мүлкәй Мирас Рүстемұлы тағайындалды.

 

Мүлкәй Мирас Рүстемұлы 1989 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

 

Білімі – жоғары. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Қаржы», Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Құрылысшы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

 

          Еңбек жолын 2011 жылы Орал қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің статисі болып бастаған.

 

          Әр жылдары Орал қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің абаттандыру секторының бас маманы, сектор меңгерушісі; Орал қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары; Орал қаласының құрылыс бөлімінің басшысы болып жұмыс жасады.

 

2019 жылдан бүгінгі күнге дейін Орал қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.