Кадрлық тағайындау

Кадрлық тағайындау



Конкурстық комиссияның шешіміне және меритократия қағидаттарына сәйкес Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы лауазымына Айдынғалиев Медет Ғилманұлы тағайындалды.
Айдынғалиев Медет Ғилманұлы 1982 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі жоғары, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін мемлекеттік басқару мамандығы бойынша аяқтаған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.

Әр жылдары:
- Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық унверсиетінің оқытушысы;
- - Қазталов ауданы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бас маманы;
- Қазталов ауданы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысының орынбасары;
- Қазталов ауданы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы;
- Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасы құқықтық жұмыс және персоналды басқару бөлімінің басшысы;
- Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты аппараты талдау және бақылау бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.
Бүгінгі күнге дейін Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып қызмет етті.