Назначен руководитель департамента Агентства по делам государственной службы по Западно-Казахстанской области

Назначен руководитель департамента Агентства по делам государственной службы по Западно-Казахстанской области

Меротократия қағидаттарына сәйкес және Ұлттық кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссияның келісімімен Мұрат Байсалов Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы лауазымына тағайындалды.

Мұрат Сейлбекұлын әкім мен облыс активіне, сондай-ақ департамент ұжымына ҚР МҚІА аппарат басшысы Әлібек Ахмедьяров таныстырды.

Мұрат Байсалов 1988 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында дүниеге келген. Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі болып табылатын Мұрат Байсаловтың мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 11 жылдан асады.

Еңбек жолын 2011 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Кадрлық қамтамасыз ету департаментінің Мемлекеттік қызметті өткеру басқармасының бас сарапшысы болып бастаған.

Департамент басшысы лауазымына тағайындалғанға дейін ол Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау мәселелері жөніндегі басқарма басшысы болып жұмыс істеді.

Жиын соңында  ҚР МҚІА аппарат басшысы Әлібек Ахмедьяров азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.

Қабылдауда азаматтар, мемлекеттік қызметшілер, қоғамдық ұйым өкілдері көкейкесті сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.