Мемлекеттік қызметкерлер қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті

Мемлекеттік қызметкерлер қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті


Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері үшін жобалық басқарудың үлгілік базалық бағыты шеңберінде "Қоғамдық сананы жаңғырту" жобалар тобының міндеттерін іске асыру мақсатында ҚР Жазушылар және Журналистер Одақтарының мүшесі, “Жайық үні” ЖШС газетінің бас редакторы, “Алаш” әдеби сыйлығының иегері Шүйіншәлиева Мира Хамзақызымен және БҚО Ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары, Орал қалалық маслихатының депутаты Туркина Айгүл Серікқызымен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Мира Хамзақызы мемлекеттік қызметшілерді өзінің шығармашылық және еңбек жолымен таныстырса, Айгүл Серікқызы әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру тәжірибесімен бөлісті.
Сондай-ақ, қатысушылар өзара пікір алмасып, қонақтарға көкейлеріндегі сұрақтарын қойды.