Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев «Shell» компаниясының вице-президенті Херман Бурмайстермен кездесті

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев «Shell» компаниясының вице-президенті Херман Бурмайстермен кездесті



Тараптар энергетика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жолдарын пысықтады. Херман Бурмайстер Қазақстан «Shell» компаниясының стратегиялық серіктесі екенін атап өтті.

-Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны өңір үшін маңызды жобалардың бірі. Кен орнындағы компаниялардың әлеуметтік жауапкершілік саласындағы саясаты ең алдымен өңір тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталуы керек, - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, кездесу барысында Батыс Қазақстан облысы мен «Shell» компаниясының арасында инвестициялар тарту, бірлескен жобаларды іске асыру бойынша мәселені қарады.