Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевтің Жаңақала ауданының тұрғындарымен кездесуі

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевтің Жаңақала ауданының тұрғындарымен кездесуі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын орындау мақсатында Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ.Н.Есқалиев 2022 жылғы 21 мамырда сағат 14.00-де Жаңақала ауданында аудандық мәдениет үйі ғимаратында халықпен кездесу өткізеді.
Тұрғындар өздерінің ұсыныстарын, ескертпелері мен үнқосуларын akimjangala@bko.gov.kz электронды поштасына және whatsapp желісіндегі +7 777 387 09 81 нөміріне жолдауына болады.
Ұсыныстар мен ескертпелерді жолдағанда жіберушінің аты-жөні, тұратын мекен-жайы мен байланыс телефоны көрсетілуі керек.

Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты