Облыс әкімі Ғ. Есқалиевтің "Artcan"түрік компаниясымен кездесуі

Облыс әкімі Ғ. Есқалиевтің "Artcan"түрік компаниясымен кездесуі

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ағымдағы жылғы 10-11 мамырда Түрік Республикасына мемлекеттік сапары аясында Қазақстан мен Түркия арасындағы өзара қарым-қатынасты кеңейтілген стратегиялық әріптестік деңгейіне шығару жөнінде уағдаластықтар орнатылды.
Түрік Республикасымен өзара қарым-қатынасты одан әрі нығайту мақсатында бүгін облыс әкімі Ғ. Есқалиевтің "Artcan"түрік компаниясымен кездесуі ұйымдастырылды.
​Кездесу барысында голландтық және түрік технологияларын пайдалана отырып, Бәйтерек ауданында жылыжай салу бойынша жоба талқыланды. Жылыжайда қызанақ, көк, бұрыш және құлпынай өсіру жоспарлануда. Қол жеткізілген уағдаластықтар бойынша жобаны іске асыруды жақын арада бастау жоспарлануда.