Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевтің Ақжайық ауданының тұрғындарымен кездесуі

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевтің Ақжайық ауданының тұрғындарымен кездесуі



Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын орындау мақсатында Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ.Н.Есқалиев 2022 жылғы 14 мамырда сағат 10.00-де Ақжайық ауданында аудандық мәдениет үйі ғимаратында халықпен кездесу өткізеді.
Тұрғындар өздерінің ұсыныстарын, ескертпелері мен үнқосуларын a.kenseakzhaik@bko.gov.kz электронды поштасына және whatsapp желісіндегі + 7 778 673 62 23 нөміріне жолдауына болады.
Ұсыныстар мен ескертпелерді жолдағанда жіберушінің аты-жөні, тұратын мекен-жайы мен байланыс телефоны көрсетілуі керек.

Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты