Бүгін облыс әкімі Ғ. Есқалиев Қаратөбе ауданында болып, аудан тұрғындарымен кездесті

Бүгін облыс әкімі Ғ. Есқалиев Қаратөбе ауданында болып, аудан тұрғындарымен кездесті



Аудан экономикасының негізі мал шаруашылығы құрайтын Қаратөбе ауданында 419 шаруа қожалығы агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бағытында қызмет атқаруда. Бүгінде шаруалар асылтұқымды мал шаруашылығына ден қойып, осы бағытта жұмыс істейтін 23 асыл тұқымды шаруашылық бар.

Ауданның әлеуметтік саласы толық қамтылған. Дегенмен кезек күттірмейтін мәселелер деп жоқ емес.
Аудандағы өзге де өзекті мәселелер облыс әкімінің есепті кездесуі барысында өткен сұрақ-жауап барысында анықталмақ.

Кездесу аяқталған соң, Ғали Есқалиев әдеттегілей жергілікті атқарушы органдардың, прокуратура және ішкі істер органдарының басшылық құрамымен, мәслихат депутаттарымен, қоғамдық кеңестер мүшелерімен, жергілікті зиялылармен бірлесіп, азаматтарға жеке қабылдау өткізеді.