Ғали Нәжімеденұлы Есқалиев БҚО әкімі "Мемлекет басшысының жолдауы аясында Батыс Қазақстан облысының дамуы туралы"

Ғали Нәжімеденұлы Есқалиев БҚО әкімі "Мемлекет басшысының жолдауы аясында Батыс Қазақстан облысының дамуы туралы"

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Бастыс Қазақстан облысының әкімі Ғали ЕСҚАЛИЕВ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының орындалу барысымен және 2021 жылдың 10 айындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндады.
Облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша оңды серпін байқалуда, атап айтсақ құрылыс жұмыстары – 7,9%-ға, тұрғын үйді іске қосу – 5,2%-ға өсті. Өңірде 1,6 трлн теңгеге 70 инвестициялық жоба іске асырылуда. Биылғы жылы газ бойынша өндірістік шектеулерді алып тастау және газ айдаудың 4-ші компрессоры, сондай-ақ жиһаз фабрикасы, сүт зауыты, өнеркәсіптік жылыжай кешені, пластмассадан қалдықтарды қайта өңдеу, заманауи демалыс базалары және басқа да ірі жобалар пайдалануға берілді.
Соңғы 3 жылда 1 млн. га астам пайдаланылмайтын ауылшаруашылық жерлері анықталды. Осы жылы 3 бордақылау алаңы іске қосылды. Ұзындығы 185,6 шақырым құрайтын 3 магистраль каналын қайта жаңғырту жұмыстары басталды.
Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бағдарламалар аясында 700-ге жуық жұмыс орнын құрумен 36 млрд. теңгеге 1300-ден астам жобаға қолдау көрсетілді. «Еңбек» бағдарламасы бойынша 28 мыңнан астам адам жұмыспен қамту шараларына тартылды. Өңірде 16 мыңнан астам жұмыс орындары құрылды.
30 жыл ішінде 53 мыңнан астам отбасы жаңа баспанаға ие болды. Тәуелсіздік жылдарында ауыл тұрғындарын табиғи газбен қамту үлесі 25-тен 98,6%-ға дейін артып, ал ауыз сумен қамту үлесі 31-ден 88,4%-ға дейін өсті. Ағымдағы жылдың 10 айында 418 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, Жыл басынан 4 ауылға көгілдір отын жеткізілді, мереке қарсанында тағы 7 ауылға газ кіретін болады. Сонымен бірге жыл басынан 5 ауылға су өткізілген болса, осы айдың соңына дейін тағы 15 ауыл сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.
Тәуелсіздік жылдарында барлығы 1200 шақырым жол салынды және реконструкциядан өтті. Бұдан бөлек 2 мың шақырымнан астам жол жөңделіп, 6 көпір салынды. Биыл 324 шақырым жол жөнделді. Әуежайдың халықаралық терминалын қайта жаңарту аяқталуда.
Пандемия кезінде медициналық қызметтер мен операциялардың 20-ға жуық жаңа түрі енгізілді. 30 жыл ішінде облыста онкодиспансер, 8 емхана, 20 аурухана, 80 медпункт салынды.
Республикалық физика-математика мектебінің филиалы мен «125 Highschool» жеке мектебі ашылды. Жалпы тәуелсіздік жылдары 70 мектеп және 20 балабақша салынып, 107 жеке балабақша ашылды.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 920 орындық «Атамекен» өнер ордасы ашылды.
Елбасының тапсырмасы бойынша биыл 6 шынықтыру-сауықтыру кешендері іске қосылады. Биыл біздің спортшылар әртүрлі деңгейдегі спорт жарыстарында 314 рет жеңімпаз атанды.