Кадрлық тағайындау

Кадрлық тағайындау

 

ҚР Президент Әкімшілігінің және аудандық маслихат келісімімен және меритократия қағидаттарына сәйкес, Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының әкімі лауазымына Ғабдушев Тілекқабыл Александрұлы тағайындалды.

Ғабдушев Тілекқабыл Александрұлы 1979 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті мен Батыс Қазақстан Инженерлік-Гуманитарлық Университетін «тарих пәні мұғалімі» және «экономика және бизнес магистрі» мамандықтары бойынша тәмамдаған.  

 

Әр жылдары:

- Орал қаласының №19 мектебінде мұғалім;

- Ақжайық ауданының білім беру бөлімінде бас маман;

- Ақжайық ауданы Абай атындағы мектеп–гимназия директорының орынбасары;

- Ақжайық ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы болып жұмыс жасады.

 

2016 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды.