Кадрлық тағайындау

Кадрлық тағайындау

 

ҚР Президент Әкімшілігінің және аудандық маслихат келісімімен және меритократия қағидаттарына сәйкес, Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының әкімі лауазымына Айтмағамбетов Бауыржан Есқайырұлы тағайындалды.

Айтмағамбетов Бауыржан Есқайырұлы 1981 жылы туған. Білімі – жоғары. Батыс Қазақстан Аграрлық-Техникалық Университеті мен Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетін «жол қозғалысын ұйымдастыру» және «құқықтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

 

Әр жылдары:

-        «Жайық Строй сервис» ЖШС-нің менеджері;

-        Тасқала ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің экономикалық және әлеуметтік даму сұрақтары бойынша бас маманы;

-        Тасқала ауданы, Мереке ауылдық округінің әкімі;

-        Тасқала ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы;

-         БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысының орынбасары болып жұмыс жасады.

 

2020 жылдан бастап БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қызметін атқарды.