Кадрлық тағайындау

Кадрлық тағайындау



Меритократия қағидасына сәйкес облыс әкімнің өкімімен Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасы басшысының лауазымына Есенғалиев Нұрлан Мұхитұлы тағайындалды.
Есенғалиев Нұрлан Мұхитұлы 1982 жылы туған. Білімі жоғары. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «экономист-математик» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары:
– Орал қаласы қаржы бөлімі материалдық өндіріс салалары және тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық бөлімінің бас маман-экономисі;
– Орал қаласы қаржы бөлімі жекешелендіру және коммуналдық меншікті жалға беру бөлімінің бас маманы;
– Орал қаласы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және қаржылық-шаруашылық жұмысы бөлімінің бас маманы;
– Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының коммуналдық меншікті басқару және мүлікті жалдау бөлімінің бас маманы;
– Орал қаласы қаржы бөлімі коммуналдық меншікті басқару секторының меңгерушісі;
– Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы қаржы бөлімінің басшысы;
– Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты талдау және бақылау бөлімінің басшысы болып жұмыс жасады.

2018 жылдан бүгінгі күнге дейін Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.