Кадрлық тағайындау

Кадрлық тағайындау

 

        ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық маслихаттың келісімімен Жаңақала ауданының әкімі лауазымына Закарин Дархан Әмірханұлы тағайындалды.

Закарин Дархан Әмірханұлы – 1972 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. Батыс Қазақстан ауылшаруашылығы институты мен Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Агроном» және «Мемлекетік және жергілікті басқару бакалавры» мамандықтары бойынша тәмамдаған.  

 

Әр жылдары:

– «Пятимар» ауылшаруашылық кәсіпорнының бас агрономы;

– Жаңақала аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас агрономы;

– Жаңақала ауданы «Коммунал» мекемесінің директоры;

– Жаңақала ауылдық округінің әкімі;

– Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарған.

 

Бүгінгі күнге дейін Жаңақала аудандық мәслихатының хатшысы қызметін атқарды.