БҚО-ДА «АШЫҚ ӘКІМДІК» ОНЛАЙН РЕЖИМІНДЕ ӨТТІ

БҚО-ДА «АШЫҚ ӘКІМДІК» ОНЛАЙН РЕЖИМІНДЕ ӨТТІ

 

Бүгін ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында облыста "Ашық әкімдік" азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні өтті, оған облыс әкімі Ғали Есқалиев қатысты.

«Ашық әкімдік» барысында азаматтарды Орал қаласы мен аудан әкімдері, сондай-ақ, облыстық басқарма басшылары қабылдады.

Іс-шара ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта ұйымдастырылды. Азаматтар бұрын жарияланған сілтеме арқылы онлайн залдарға кіріп, кезек тәртібімен тиісті мемлекеттік органдардың басшыларының қабылдауында болды.

Онлайн қабылдау 5 сағатқа созылып, «Ашық әкімдік» барысында барлығы 47 азамат қабылданды. Айта кету керек, онлайн іс-шараға 25-80 жас аралығындағы әр түрлі жастағы азаматтар қатысты.

Қойылған сұрақтар негізінен тұрғын үймен қамтамасыз ету, жер қатынастары, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жер қатынастары, спорт пен жастар саясатын дамыту, еңбек қатынастары, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, интернет байланыс салаларына қатысты болды.

«Ашық әкімдік» іс-шарасы халықта туындайтын өзекті мәселелерді жедел және тиімді шешуге ықпал ететінін атап өту керек. Онлайн форматты қолдану - бұл уақыттың талабы ғана емес, сонымен бірге уақытты және қаражатты үнемдейтін, қашықтан қабылдау үшін ең қолайлы мүмкіндік. Бүгінгі таңда заманауи технологиялар кез-келген жерден сөйлесуге мүмкіндік береді. Әсіресе интернет байланысы бар облыс аудандары мен ауыл тұрғындары үшін ыңғайлы.

Қабылдаудан кейін тұрғындарға онлайн іс-шараның тиімділігі туралы жасырын пікір білдіру ұсынылды. Сауалнамаға сәйкес өтініш білдіргендердің 84%-ының өз мәселелері оң шешімін тапты.