Батыс Қазақстан облысындағы жекешелендіру барысы туралы

Батыс Қазақстан облысындағы жекешелендіру барысы туралы

«Тең құқылы бәсекелестікті дамыту үшін мемлекеттің экономикаға араласуын азайту маңызды рөл атқарады».

Мемлекет басшысының  2020 жылғы 1 қыркүйектегі  «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына жолдауынан

 

 

2021 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарына сәйкес, облыс бойынша 18 нысан бәсекелестік ортаға берілуге жатады.

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйектегі жағдайы бойынша «Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі» ЖШС «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ 3 жылға кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді. Сенімгерлік басқарудың негізгі шарттары - қызмет бейінін 30 жыл бойы сақтау, жоғары білікті кадрларды даярлау, жаңғыртуға, дамытуға және 130 млн.теңгеге жабдықтар сатып алуға қаражат салу, медициналық клиникалар базасында практикалық дағдыларға оқыту болып табылады.

2 ұйым - БҚО Казталов ауданы әкімдігінің «ШЖҚ Жалпақтал мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны», «Атамекен Жайық» микроқаржы ұйымы» ЖШС таратылды.

10 нысан белгілі бір шарттармен кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру бойынша сауда-саттыққа шығарылды (Тасқала ауданы әкімдігінің «Қалатас» ЖШС, Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің «Жаңғырту-2013» ЖШС, Жәнібек ауданы әкімдігінің «Жолаушы» МКК, Жәнібек ауданы әкімдігінің «Жәнібек Сәулет» ЖШС, Қаратөбе ауданы әкімдігінің «Қаратөбе- 2020» ЖШС, Шыңғырлау ауданы әкімдігінің «Жаңғырту 2012» ЖШС, Жаңақала ауданы әкімдігінің « Қамыс Самар» ЖШС, Сырым ауданы әкімдігінің «Жымпиты сервис» ЖШС, Қаратөбе ауданы әкімдігінің «Қаратөбе аудандық МКК», Сырым ауданы әкімдігінің «Сырым» МКК).

5 нысан бойынша (Ақжайық ауданы әкімдігінің «Игілік» ЖШС, Казталов ауданы әкімдігінің «Казталов-сервис» ЖШС, Бәйтерек ауданы әкімдігінің «Достық» ЖШС, Теректі ауданы әкімдігінің «Теректі-үй жөндеу» ЖШС, Жаңақала ауданы әкімдігінің «Коммунал» МКК) сату алдындағы іс-шаралар өткізілуде.

Жоғарыда аталған объектілердің сатушылары болып аудандардың жергілікті атқарушы органдары табылады.

«Бір терезе» қағидаты бойынша әрекет ететін «www.gosreestr. кz» веб-порталында жалпы республика бойынша да, өңір бойынша да қандай объектілер және қандай мерзімдерде сатуға қойылатынын, олардың бағасы мен сату шарттары қандай екенін көре алуға, сондай-ақ белгіленген тәртіппен тіркеліп, сауда-саттыққа қатысуға болады.

Порталда барлық сауда-саттықтар онлайн-режимде өтеді, жеңімпаз сауда-саттық қорытындылары бойынша бірден анықталады. Объектілерді іске асыру мониторингін қамтамасыз ету үшін әрбір кезеңде онлайн режимде мониторингтің электрондық жүйесі енгізілді.

Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының сайтында бекітілген жекешелендіру объектілері және оларды өткізу мерзімдері туралы ақпарат бар.

Сұрақтар бойынша Аудан әкімдіктеріне және Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының 8 (7112) 51-13-04, 50-94-23 телефондарына хабарласуға болады.