Кадрлық тағайындау

Кадрлық тағайындау

 

Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының лауазымына Халелов Алдияр Сансызбайұлы тағайындалды.

Халелов Алдияр Сансызбайұлы 1958 жылы туған. Білімі жоғары. Жамбыл гидромелиоративті - құрылыс институтын «инженер-гидротехник» мамандығы бойынша тәмамдаған.

 

Әр жылдары:

– Батыс Қазақстан облысы Приурал ауданындағы Желаев аудандық арнайы ауылшаруашылық бірлестігінің аға инженер-гидротехнигі, кәсіподақ ұйымының төрағасы;

– Батыс Қазақстан облысы Приурал ауданындағы М.Маметова атындағы колхозының партия комитетінің хатшысы;

– Батыс Қазақстан облысы Приурал ауданының Трекин ауылдық Кеңесінің төрағасы;

– Батыс Қазақстан облысы Приурал ауданының Трекин ауылдық округінің әкімі;

– Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімінің орынбасары;

– Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының әкімі;

– Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының әкімі болып жұмыс жасады.

2018 жылдан бүгінгі күнге дейін Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының әкімі қызметін атқарды.