БҚО ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ БОС ҚЫЗМЕТ ОРЫНДАРЫНА КОНКУРСТАР ЖАРИЯЛАЙДЫ

БҚО ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ БОС ҚЫЗМЕТ ОРЫНДАРЫНА КОНКУРСТАР ЖАРИЯЛАЙДЫ

       

Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты «Б» корпусының бос мемлекеттiк әкімшілік лауазымдарына (басқарма басшысының орынбасары (D-О-2 санаты), облыс әкімі аппаратының бас инспекторы (D-3 санаты) және бас маманы (D-4 санаты) орналасуға конкурстар жариялауды (а.ж. 1 қыркүйегінен бастап) жоспарлауда.

 Ел Президентінің 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік қызметшілердің еңбекақыларын өсіру туралы шешімінің арқасында, әкімдіктердегі еңбек төлемінің деңгейіне көңілі толмай жүрген азаматтарды мемлекеттік қызметке шақыру мүмкіндігі туындап отыр.

Бүгінгі күнге, қызмет өткерген жылдарына байланысты облыстық басқарма басшысы орынбасарының лаузымдық жалақысы: 305 232 теңгеден (min) 471 788 (max) теңгеге дейін, бас инспектор 226 837 (min) теңгеден 350 615 (max) теңгеге дейін, бас маман 195 549 теңгеден (min) 302 255 (max) теңгеге дейін құрайды.

Облыс әкімі аппараты Президенттік кадр резервіне алынған, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік  басқару Академиясын аяқтаған, Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы және ҚР Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған, сонымен қатар әртүрлі мемлекеттік құрылымдар, бизнес, әлеуметтік сала және т.б мамандарын конкурстарға қатысу үшін шақырады.

Мемлекеттік қызметтегі жұмыс жан-жақты және жауапты. Мемлекеттiк қызметшiлерге екi лауазымдық айлықақысы мөлшерiнде сауықтыру жәрдемақысы төленiп, ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күнді құрайтын жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалысы берiледi. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау қорытындысы бойынша нақты нәтижеге қол жеткізген жағдайда бонустар мен сыйақылар төленеді және біліктілігін ескере отырып, лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, жұмыстағы жетістігі үшін мемлекеттік қызметте жоғарылату қолданылады.

Шет тілдерін білу кәсіби құзыреттіліктің бір факторы болып табылады.

Мемлекеттік қызметке кіру кезінде конкурстық комиссия Қазақстан Республикасы азаматтарының қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық кеңестер, үкіметтік емес ұйымдар жұмысына қатысқанын, волонтерлік, қайырымдылық қызметті жүзеге асырғанын ескереді.

 

Конкурс өткізу туралы хабарландыру облыс әкімі аппаратымен (bko.gov.kz) уәкілетті органның (www.gov.kz) интернет-ресурсында орналастырылады.

"Б" корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкiмшілiк лауазымына орналасуға конкурс мынадай түрлерден тұрады:

      1) жалпы конкурс;

      2) ішкі конкурс.

Конкурс мынадай бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:

      1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;

      2) конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан құжаттар қабылдау;

      3) конкурсқа қатысушылардың құжаттарын белгіленген біліктілік талаптарына және осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарау;

      4) конкурсқа қатысушылармен мемлекеттік органның конкурстық комиссиясы өткізетін әңгімелесу. D-О-1, Е-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір тақырыпқа екі жүз сөзден аспайтын бір эссені мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады.

      5) мемлекеттік органның конкурстық комиссиясының қорытындысы.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

 

Бірінші кезең: Ішкі конкурс

Ішкі конкурсқа барлық жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері қатысуға құқылы.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

       1) өтініш

       2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

 

Екінші кезең: Жалпы конкурс

Жалпы конкурсқа қатысуға тест рәсімдерінен және азаматтардың жеке қасиеттерін бағалаудан алдын ала өткен, уәкілетті органның қорытындысын алған, белгілеген мәндерден төмен емес нәтижелері бар азаматтар жіберіледі.

Конкурсқа қатысушы мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

      1) Өтініш

      2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі

      3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері.

      "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

     "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

     Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

     Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

     Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

 

Конкурсқа келесі талаптарға сәйкес келетін ҚР азаматтары қатысады:

Мемлекеттік лауазымдарға тиісті біліктілік талаптарына білімі мен жұмыс тәжірибесі бойынша сай келетін, өзінің жеке және кәсіби қасиеттері, денсаулық жағдайы, білім деңгейі бойынша өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді атқаруға қабілетті және Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.

Мемлекеттiк қызметке:

      1) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында тиісті мемлекеттік лауазымдарға қатысты өзге талаптар белгіленбесе, он сегіз жасқа дейінгі;

      2) сот әрекетке қабілетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi деп таныған;

      3) сот белгiлi бiр мерзiм iшiнде мемлекеттiк лауазымдар атқару құқығынан айырған;

      4) бiлiктiлiк талаптарында тиiстi мемлекеттік лауазымдарға орналасу үшiн денсаулық жағдайына арнайы талаптар белгiленген жағдайларда, медициналық мекеменiң қорытындысы негізінде лауазымдық өкiлеттiктердi орындауға кедергi келтiретiн ауруы бар;

      5) өзiнiң мәртебесiн және соған негізделген беделiн жеке басының, топтық және өзге де қызметтiк емес мүдделерге пайдалануға алып келуi мүмкін әрекеттерді болғызбау мақсатында өзіне осы Заңда белгiленген шектеулердi қабылдаудан бас тартқан;

      6) мемлекеттік қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған азаматты қабылдауға болмайды. Бұл ретте мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін қызметтен шығарылған азамат мемлекеттік қызметке жіберілмейді;

      7) мемлекеттік қызметке кiрер алдындағы үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылған;

      8) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

      9) мемлекеттік қызметке кiрер алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар жасағаны үшін өзіне қатысты қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;

      10) мемлекеттiк қызметке кiру уақытына заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар;

      11) ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бұрын сотталған немесе қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;

      12) қылмыстық топтың құрамында қылмыс жасаған;

      13) қылмыстық топтың құрамындағы қылмыс туралы өзіне қатысты қылмыстық істі қылмыстық қудалау органы немесе сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатқан;

      14) жұмыста (қызметте) дәлелді себепсіз қатарынан үш және одан көп сағат бойы болмауы негізінде шығарылғаннан кейін үш жыл өткен соң мемлекеттік қызметке кіруге құқығы бар азаматты осындай шығару жағдайларын қоспағанда, құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан және соттардан, әскери қызметтен теріс себептер бойынша шығарылған азаматты;

      15) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда қабылдауға болмайды.

      Мемлекеттік қызметке қабылдану кезінде азаматтар өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін және соған негізделген беделін жеке басының, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануға алып келуі мүмкін әрекеттерді болғызбау мақсатында өзіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында белгіленген шектеулерді қабылдайды.

      Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлер тестілеуден және азаматтардың жеке қасиеттерін бағалаудан уәкілетті органның қорытындысын ала отырып өту қажет.

      Анықтама үшін байланыс телефондары:  8(7112)241093,241092

 

     Байланыс телефондарын көрсете отырып, резюмелерді мына электрондық адреске жіберуге болады: a.kadr@bko.gov.kz

 

Қосымшаларын жүктеп алу