БҚО МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНА ЖЕМ-ШӨП ДАЙЫНДАУ БОЙЫНША ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕДІ

БҚО МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНА ЖЕМ-ШӨП ДАЙЫНДАУ БОЙЫНША ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕДІ



Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен Маңғыстау облысының делегациясы келді. Сапар аясында ауыл шаруашылығын дамыту саласында тәжірибе алмасу, сондай-ақ Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының әкімдіктері арасында мал азығын дайындау мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Делегация өкілдері өңірдің шаруа қожалықтарына, "Белес компаниялар тобы" АҚ кәсіпорнына, Желаев астық өнімдері комбинатына барды. Кездесулер барысында ұйымдардың ағымдағы жұмысы ұсынылып, кебек, арпа және т. б. мал азықтарын жеткізу саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
Сондай-ақ, делегация Теректі ауданының "Төлеңгіт" сүт-тауар фермасында болып, сапалы жем-шөп дайындау мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.
Оралдағы сапары аясында БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов бастаған делегациямен кездесіп, оның қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы өңіраралық өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойылды.
Осы меморандум аясында Маңғыстау облысының шаруашылықтарына азық дайындау мақсатында қолданыстағы заңнама шеңберінде Батыс Қазақстан облысы аудандарының мемлекеттік жер қорынан жер бөлу қамтамасыз етіледі. Бұдан басқа, тараптар азық-түлік белдеуін құру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыстар арасында жемшөп тасымалдау, сауданы дамытуға жәрдемдесу, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
- Біз Маңғыстау облысында қалыптасқан құрғақшылық пен мал азығының аздығы туралы хабардармыз. Осыған байланысты, біз ынтымақтастығымызды дамытуға және өңір шаруашылықтарының қыстауы үшін қажетті азық қорын дайындауға барынша көмек көрсетуге дайынбыз, - деп атап өтті Б.Нарымбетов.
Орал өңірі мал шаруашылығы бағыты бойынша еліміздің ең дамыған өңірлерінің бірі болып табылады. Бүгінгі күні облыста 754 мың бас ІҚМ, 1467 мың бас ҰММ, 253 мың бас жылқы, 2,5 мың бас түйе және 1638 мың бас құс тіркелген. Алдағы 2021-2022 жылғы қыстаққа 924 мың шартты басқа 1826 мың тонна шөп дайындау жоспарлануда.
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов Батыс Қазақстан облысының көмегінің маңыздылығын ерекше атап өтті.
- БҚО тарапынан қолдау өңірдің азық - түлік тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады, - деді Г.Ниязов.
Қол қойылған меморандум негізінде Қаратөбе ауданының мемлекеттік жер қорынан 30 мың га жайылымдық жер беруді көздейді, бұдан басқа, өңір шаруашылықтары қолдау ретінде 1000 дана орам шөп пен 25 тонна жем беруді жүргізуде және бұл жұмыстар жалғасатын болады.