Кадрлық тағайындау

Кадрлық тағайындау

 

 

Меритократия қағидасына сәйкес Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы басшысының лауазымына Кадралиев Дархан Қаныбекұлы тағайындалды.     

Кадралиев Дархан Қаныбекұлы - 1989 жылы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «физика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

 

Әр жылдары:

 

– студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының Батыс Қазақстан облыстық штабының координаторы, жетекшісі;

– «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы;

– «Батыс Қазақстан облысы бойынша «Жас Отан» қоры» корпоративтік қорының директоры;

–  «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы қоғамдық саяси бөлімінің жастар саясаты жөніндегі кеңесшісі;

– «Нұр Отан» партиясы Орал қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс жасады.   

 

2016 жылдан Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.