Жер-мақсаты бойынша

Жер-мақсаты бойынша

Облыс әкімдігінде облыс әкімі Ғали Есқалиевтің қатысуымен жалға алушылардың жер телімдерін мақсатты пайдалану мәселелері бойынша кеңес өтті. Кездесуге облыстық жер қатынастары басқармасының мамандары, аудан әкімдері қатысты.

Ғали Есқалиев Жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі болып табылатынын атап өтті.

– Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлердің ауданы 416 мың га құрайды, оның ішінде 115 мың га тыңайған жерлер, 274 мың га жайылымдар, – деді Ғали Есқалиев. - Аталған жер учаскелерін айналымға тарту үшін жер учаскелерін игеру немесе мемлекеттік меншікке өз еркімен қайтару мақсатында жер пайдаланушылармен түсіндіру жұмыстарын, сондай-ақ хаттамаларды толтыру және жер пайдаланушылардың тізімдерін жергілікті атқарушы органдардың ресми сайттарында жариялау жұмыстарын жалғастыру қажет.

Облыстық басқарма басшысы Мұрат Өмірәлиев өз баяндамасында өңірдің жайылымдық алқаптарының ауданы 10 млн 161 мың га құрайды, оның ішінде агроқұрылымдарға – 5 млн 710 мың га, елді мекендер жерлерінде – 2 млн 165 мың га, ал Қор жерлерінде – 2 млн 261 мың га берілген.

– 2019-2021 жылдары облыс бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын 1 млн 154 мың га жер анықталды, оның ішінде жергілікті атқарушы органдар жүргізген жұмыстардың нәтижесінде 150 мың га жер мемлекеттік меншікке қайтарылды, сондай – ақ 588 мың га алаңда жер пайдаланушылар өз жер учаскелерін игеруге кірісті, - деп атап өтті спикер.

Облыс бойынша 2019-2020 жылдары пайдаланылмайтын жерлерге базалық салық мөлшерлемесін 10 еселенген мөлшерде ұлғайту мақсатында салық органдарына ауданы 171 мың га 139 жер учаскесі бойынша материалдар жіберілді, бұл ретте, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап пайдаланылмайтын жерлерге базалық салық мөлшерлемесі 20 еселенген мөлшерде ұлғаятынын атап өту қажет.

– Ағымдағы жылы жер заңнамасына бірқатар түзетулер енгізілді, - деді Мұрат Өмірәлиев. - Түзетулерге сәйкес шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, шетелдік қатысуы бар ҚР заңды тұлғалары, халықаралық ұйымдар, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтар, сондай-ақ қандастар жеке меншік немесе жер пайдалану құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне ие бола алмайды.

Кеңес барысында белгілі болғандай, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді айналымға тарту мақсатында ағымдағы жылы облыс бойынша 34 конкурс жоспарланған, оның ішінде бүгінгі күні 25 конкурс өткізілді, соның нәтижесінде 189 мың га алаңы бар 207 жер учаскесі берілді, сондай-ақ ағымдағы жылы аудан әкімдіктері 141 мың га алаңы бар 215 жер учаскесін беру бойынша 9 конкурс өткізуді жоспарлап отыр.

Облыс әкімі Ғали Есқалиев кеңесті қорытындылай келе, ауыл шаруашылығы жерлерін беруде ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған конкурстық рәсімдердің нәтижесінде 2019 жылдан бастап облыс бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы 1 млн 124 мың гектар жер берілгенін атап өтті.

– Жерді жалға алғандардың көбісі жерді жұмыс істемей, болашақта пайдалану үшін ұстайды, дегенмен Жер біздің халқымыз үшін табыс көзі болып табылады, – деді облыс әкімі. – Бұл бағытта жергілікті атқарушы және уәкілетті органдар пайдаланылмайтын жерлерді анықтау және оларды ауыл шаруашылығы айналымына қайта тарту бойынша жұмысты жалғастырады. Егер жер игерілмесе, біз оны мемлекетке қайтарамыз немесе оның игерілуін қамтамасыз етеміз. Біз жосықсыз жалға алушылардың аттарын жариялаймыз. Бірақ, ең алдымен, аудан әкімдері жалға алушылардың проблемаларын қарастырып, су тартуға немесе техника сатып алуға көмектесуі тиіс. Өйткені біздің міндетіміз-халықтың табысын арттыру. Егер бұл көмектеспесе, біз жерді пайдалануға жауапкершілікпен қарайтын адамдарға береміз. Конкурстық комиссия бұл тұрғыда жалға алушылардың алғашқы үш жылда қағаз жүзінде ғана емес, факт бойынша да инвестиция салғанын қадағалауы тиіс. Жерді игеру туралы барлық деректерді тіркеу қажет. Аудан әкімдеріне әрбір елді мекенді жайылымдармен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауды тапсырамын.

Арайлым Бекқалиева,

zhaikpress.kz<