БҚО әкімі орталық коммуникациялар алаңында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндады

БҚО әкімі орталық коммуникациялар алаңында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндады

 

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали ЕСҚАЛИЕВ 2021 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтып берді.
Облыс әкімі атап өткендей, өңірде эпидемиологиялық жағдай жіті бақылауда. Сәуір айында жағдай тәулігіне 200-250-ге дейін ұлғайса, мамыр айында бұл көрсеткіш 90-100 жағдайға дейін төмендеді. Мониторингтік топтар 1 мамырдан бастап 965 нысанды тексеріп, 962 мың теңге сомасына 22 хаттама толтырды.
БҚО-да ағымдағы жылдың 4 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2,7% - ға, тұрғын үйді пайдалануға беру 3,5% - ға өсті. Ағымдағы жылы 281 га индустриялық аймақтың құрылысы басталып, 1500 тұрақты жұмыс орнын құрайтын жалпы құны 50 млрд.теңге болатын 112 жобаны іске қосу жоспарлануда. Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларында 6357 жаңа жұмыс орны құрылып, 6690 адам жұмысқа орналасты. ШҚ-да жұмыс істеген 11 183 адам еңбек қатынастарын ресми түрде заңдастырды.
Соңғы 2 жылда өңірде ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылмай жатырған 1,2 млн.га жер анықталса, оның ішінде 574 мың га жерді пайдаланушы өз жер учаскелерін игеруге кірісті. Жердің пайдаланылуын толық бақылау үшін геоақпараттық портал құрылды. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 32,7 млрд.теңгені құрап, көкөніс сақтау қоймаларының саны 57-ге дейін ұлғайтылды. Ауданы 16 га құрайтын 2 жылыжай пайдалануға беріледі, өңір етті бағыттағы ІҚМ басы бойынша республикада II орын алады. Үш су арнасын қайта құру жұмыстары басталады.
Орал трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау үшін 2021-2024 жылдарға арналған Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының арнайы бағдарламасы бекітілді.
Өткен жылы 436 км жол жөнделсе, 2021 жылы 35,1 млрд.теңгеге шамамен 300 км жолды жөндеу жоспарланған. 2021 жылы БҚО-да кезекте тұрғандар үшін Орал және Ақсай қалаларында 324 пәтер, ауылдарда 139 пәтер салу жоспарланған. Өңірде 10 мектеп, 7 дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынуда. 900 орындық көпфункционалды мәдениет үйінің құрылысы жүргізілуде.
Республикалық физика-математика мектебінің филиалы 1-2 сынып оқушыларын қабылдай бастайды. Облыста 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 100%-ға, 1-6 жастағы балаларды тәрбиемен қамту 76,3%-ға орындалған. 385 мектепте 11 587 бейнекамера орнатылған.
Жыл соңына дейін 36 ауылға табиғи газ жеткізіліп, нәтижесінде облыс тұрғындарын табиғи газбен қамту үлесі 99,5%-ды құрамақ. Биыл ауыл халқын орталықтандырылған сумен жабдықтау 90%-ға дейін ұлғайтылады. Өңірде 250-ден астам тұрғыны бар 68 ауылда мобильді интернет жүргізіліп, облыс халқының 96% мобильді байланыспен қамтамасыз етілген.