2021 жылғы 14 мамырда онлайн режимінде «Aqjaiyq Invest-2021» инвестициялық форумы өтеді.

2021 жылғы 14 мамырда онлайн режимінде «Aqjaiyq Invest-2021» инвестициялық форумы өтеді.


Онлайн іс-шараға Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары Ардақ Зебешев, «KAZAKH INVEST «ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов, Израиль, Австрия, Бельгия, РФ шекаралас өңірлері елшіліктерінің өкілдері, KPO B.V. Бас директоры Габриеле Джиона, АХҚО, Даму, бизнес институттарының өкілдері және басқалар қатысады.
Форумда нақты инвестициялық тизерлер таныстырылып, БҚО-ның инвестициялық әлеуеті туралы айтылады, сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың барлық құралдары бойынша түсініктемелер беріледі.
Форумның көрсетілімі Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің ресми YouTube арнасында мына сілтеме бойынша қолжетімді болады https://www.youtube.com/watch?v=RlB7tX4dZ0k.