9 мамыр күні БҚО әкімі мен ҰОС ардагері қаза тапқан Отан қорғаушылар мемориалына гүл шоқтарын қойды

9 мамыр күні БҚО әкімі мен ҰОС ардагері қаза тапқан Отан қорғаушылар мемориалына гүл шоқтарын қойды


Ауыр эпидемиологиялық жағдайға байланысты дәстүрлі мерекені келесі жылға 9 мамырға ауыстыру туралы шешім қабылданды. Осыған орай БҚО-дағы Жеңіс күнін дәстүрлі салтанатты шараларсыз қарсы алып, Ұлы Жеңістің 76 жылдығы толықтай онлайн түрде өтті.

Сонымен қатар, Оралда 9 мамыр мереке күні облыс әкімі Ғали Есқалиев пен Ұлы Отан соғысының ардагері, десантшы-майдангер, танкке қарсы қорғаныс сарбазы Вениамин Скаленко Стеладағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, қаза болғандарды еске алды.

ҰОС ардагерлеріне арналған мерекелік шара соғыс жылдарындағы әндерді орындаумен жалғасты. Әскери оркестрлер мен облыстық филармонияның шағын концерттері ардагерлер тұратын үйлердің аулаларында өтті.

Айта кету керек, Ұлы Отан соғысына 76 мыңнан астам жерлестеріміз қатысты, олардың 36 мыңы Отанымыздың бостандығы үшін өз өмірлерін қиды. Жауынгерлік ерлігі үшін 42 батысқазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды, алтауы Даңқ орденінің толық кавалері болды.
Бүгінде облыстағы 38 ҰОС ардагерлеріне мереке құрметіне 1 млн теңгеден берілді.