"ТҮРКІСТАН" ШАҒЫН КЕМЕСІ СУҒА ТҮСІРІЛДІ

"ТҮРКІСТАН" ШАҒЫН КЕМЕСІ СУҒА ТҮСІРІЛДІ

 

"Зенит" зауыты шағын кемені суға түсірді. Салтанатты шара Шаған өзенінің жағасында өтті. Жаңа су көлігі Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тапсырысымен дайындалған. Екі жылға жуық құрастырылған шағын кемеге "Түркістан" деген атау берген. Бұл "Айбар" жобасының аясында жасалған 27-ші кеме. "Түркістанның" басты міндеті-Каспий теңізінде елдің шекарасын қорғау. "Зенит" зауыты кемені 2 жылға жуық уақыт құрастырған. Жаңа шағын кеменің өзге су көліктерімен салыстырғанда қозғалтқышы мықты. Сағатына 70 шақырым қашықтыққа дейін жылдамдықпен қозғала алады. Және шекара шебінде елді қорғауы үшін арнайы әскери қару орнатылған. "Түркістан" шағын кемесін суға түсіру салтанатына зауыт жұмысшылары қатысты. Екі жылдай уақыт тынымсыз еңбектенген азаматтарға облыс әкімі алғыс білдірді. Қалыптасқан дәстүр бойынша кеменің жұмысына сәттілік тілеп, аққайнар сусынын жару рәсімі де ұмыт қалған жоқ.. Жалпы "Зенит" зауыты 32 кемені құрастырған. Су көліктерінің баршасы еліміздің айдындарында түрлі қызмет атқарып, шекара шебін күзетіп жүр. Ел бойынша жалғыз ғана әскери кеме құрастыратын "Зенит" зауыты енді тағы бір алып кеме мен екі шағын қайық жасауды қолға алуды жоспарлап отыр.