Оралда Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай «Ағаш отырғызу» акциясы өтті

Оралда Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай «Ағаш отырғызу» акциясы өтті

 

 

Бұл-қазақтың көне мақалы. Осындай ұранмен 1 мамыр күні Достық үйінің алдында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған "Ағаш отырғызу" акциясын өткізді.

Іс-шараға БҚО ҚХА төрағасы, облыс әкімі Ғали Есқалиев, облыс әкімнің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, "Жаңғыру жолы" жастар қозғалысының және еріктілер қозғалысының белсенділері қатысты. Осы акция аясында Ассамблея ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған 30 түп ағаш отырғызылды.

Алдағы уақытта облыстық ассамблея қоршаған ортаны жақсартуға өз үлесін қосып, қаланы абаттандыру бойынша акцияларды жалғастыруға ниетті.

Шарада сөз алған өңір басшысы: “
-“Бірлік болмай, тірлік болмас", - дейді дана хаоқымыз. Бүгін, Қазақстан халқы бірлігі күніне орай, Орал қаласының тұрғындары барлық жерде игі бастамалар көтеруде. Жақында Мемлекет басшысы Ассамблея Съезінде елдегі тұрақтылық туралы атап өтті. Сондықтан біз осы тұрақтылықты нығайтатын, қолдайтын іс-шараларды көбірек ұйымдастыруымыз керек. Елдегі бейбітшілік пен келісімнің нәтижесінде ғана біз өркендеген, табысты елге айналамыз. Жерлестерімізді, барлық ұлт пен ұлысты бүгінгі мерекемен құттықтаймын! - деді.

Одан әрі "30 игі іс" акциясы республикалық марафоны аясында этномәдени бірлестіктер мен БҚО ҚХА құрылымдық бөлімшелерінің, "Жаңғыру жолы" жастар қозғалысының және еріктілердің қатысуымен "Қайырымдылық керуені” іс-шарасымен жалғасын тапты.

Сондай-ақ, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған марафон аясында Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері 50 мұқтаж отбасыға бірінші қажеттіліктегі азық-түлік себетін таратты. Әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдарға шынайы қамқорлық жасауды мақсат еткен Ассамблея мүшелері пандемия басталғаннан бері тынымсыз көмек көрсетуде.

Бірлік күнін мерекелеу қарсаңында аз қамтылған отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі адамдарға 348 мың 750 теңге сомасына әлеуметтік көмек көрсетілді.