ОБЛЫСТА 9 МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ

ОБЛЫСТА 9 МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ

Ағымдағы жылы Мемлекет басшысының берген тапсырмаларын орындау мақсатында Батыс Қазақстан облысында тиісті жұмыстар атқарылуда.
Бүгінде өңірде қаржыландырудың барлық көздері есебінен 9 білім беру нысанының құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 2 мектеп республикалық бюджеттен берілетін субвенция есебінен, 5 мектеп "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында, 2 мектеп жеке инвестициялар есебінен салынуда. Салынып жатқан 9 білім беру нысанының 4-еуі облыс орталығында, 5-еуі облыс аудандарына тиесілі.
Аталған білім беру нысандарының құрылысы мектептерде үш ауысымда оқыту мәселесін шешуге және апатты жағдайдағы мектептерді жоюға, сол арқылы өскелең ұрпақты сапалы біліммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы басымдықты іске асыру мақсатында салынған мектептер жаңа заманауи жабдықтармен жабдықталатын болады.