БҚО ӘКІМІ ҚАРАШЫҒАНАҚ ПЕТРОЛИУМ ОПЕРЕЙТИНГ Б.В. КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ ҚЫЗМЕТІНЕ ЖАҢАДАН ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ГАБРИЕЛЕ ДЖИОНАМЕН КЕЗДЕСТІ

БҚО ӘКІМІ ҚАРАШЫҒАНАҚ ПЕТРОЛИУМ ОПЕРЕЙТИНГ Б.В. КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ ҚЫЗМЕТІНЕ ЖАҢАДАН ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ГАБРИЕЛЕ ДЖИОНАМЕН КЕЗДЕСТІ



Облыс әкімі Ғали Есқалиев Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. компаниясының директоры Эдвин Бломның орнына жаңадан тағайындалған Габриеле Джионамен кездесу өткізді. Кездесуге «Шелл» компаниясының атқарушы директоры Хания Никфарман және «Эни» компаниясының атқарушы директоры Ренато Мароли қатысты. Сондай-ақ, өңір басшысына өндіріс директоры қызметіне кіріскен Адам Лоумасс таныстырылды.
Облыс басшысы Габриеле Джионаны тағайындалуымен құттықтап, аталмыш компанияның көп жылдардан бері өңірдің ірі серіктесі және салық төлеушісі болып табылатынын атап өтті.
– Біз өзара ынтымақтастығымызды дамытуды, компанияға қолдау білдіруді және іскерлік қарым-қатынасты нығайтуды жалғастыра береміз, - деп атап өтті Ғали Есқалиев.
Габриеле Джиона өз кезегінде Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. компаниясындағы басшылық құрамның ауысуына қарамастан, компания өзара іскерлік байланысты одан әрі дамытуға, өңірдің бастамаларын қолдауға, сондай-ақ, компанияның облыстың әлеуметтік-инфрақұрылымдық дамуы бағытындағы жұмыстарын жалғастыруға ниетті екенін жеткізді.
Облыс әкімінің айтуынша, компанияның бұрынғы басшысымен кездесулер жиі өтіп тұрған. Өз кезегінде сөз алған Габриэле Джиона бұл дәстүрді жалғастыруға ниетті екенін білдірді.