ВАКЦИНАЦИЯҒА EGOV ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ 8 СӘУІРДЕН БАСТАП ЖАЗЫЛУҒА БОЛАДЫ

ВАКЦИНАЦИЯҒА EGOV ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ 8 СӘУІРДЕН БАСТАП ЖАЗЫЛУҒА БОЛАДЫ

 

Вакцинацияға жазылу үшін электрондық үкімет порталында авторизациядан өту және өтінім беру қажет.
Электрондық үкімет порталында вакцинациялауға өтінім беру қызметі 8 сәуірде іске қосылады, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.
Оның айтуынша, эпидемияға қарсы күрес пен іскерлік белсенділікті сақтау арасындағы тепе-теңдік үшін елімізде Цифрлық технологиялар белсенді енгізілетін болады.
2021 жылғы 8 сәуірде Денсаулық сақтау министрлігі электрондық үкімет порталында вакцинацияға жазылу қызметін іске қосуды жоспарлап отыр, - деп хабарлады министр.
Вакцинацияға жазылу үшін азамат электрондық үкімет порталына авторизациялануы және өтінім беруі қажет, онда тек тіркеу бойынша медициналық ұйымды көрсету қажет. Осыдан кейін өтінім вакцинация уақытын көрсете отырып, өтінімдерді бөлетін медициналық ұйымның қарауына түседі. Осыдан кейін азамат электрондық үкімет порталында медициналық ұйымға баратын күні мен уақытын көреді, сондай-ақ қосымша SMS-хабарлама алады, деді Алексей Цой.