Орал қаласының мәдени ошақтары барлық карантин талаптарын сақтай отырып, алдағы демалыс күндері қала тұрғындары мен қонақтарына арнап қойылымдар, 8 наурыз халықаралық аналар мерекесі қарсаңында концерттер өткізеді.
5 наурыз күні сағат 11:00-де Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрында өңір басшысының қатысуымен Халықаралық әйелдер күніне арналған «Арулар - асыл жандар» мерекелік концерт өтеді. 5 наурыз күні сағат 18:00-де және 7 наурыз күні сағат 17:00-де Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театры Нұрлан Сәдір, Нұрлыгүл Жұбатованың «Аялап өтем...» қойылымын көрсетеді.
Сондай-ақ, 6 наурыз күні күндізгі 12-де Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театры Ә.Файзуллиннің «Үй таңдаған лақ» атты ертегісін көрсетеді.