ЗЕЙНЕТАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУ ЖӨНІНДЕГІ ӨТІНІШТІ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ФОРМАТТА ЖОЛДАУҒА БОЛАДЫ

ЗЕЙНЕТАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУ ЖӨНІНДЕГІ ӨТІНІШТІ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ФОРМАТТА ЖОЛДАУҒА БОЛАДЫ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып берді.

"Ең сұранысқа ие қызметтердің бірі – бала туу бойынша жәрдемақы тағайындауды алайық. 2020 жылы 425,6 мыңға жуық бала дүниеге келді, оның ішінде 58,3 мың жәрдемақы белсенді түрде тағайындалды. Біз неге соншалықты аз деп ойладық? Талдау жүргізілді, нәтижесінде бірқатар тежеуші факторлар анықталды. Бұл туыстық байланыстар бойынша дұрыс емес мәліметтер, мобильді азаматтар базасында телефон нөмірін тіркеудің болмауы, азаматтар тарапынан SMS-хабарламаға жауаптың болмауы, банктік шоттардың дұрыс еместігі, өмірлік мәртебесінің өзгеруі", – деді Ербол Оспанов ОКҚ брифингінде.
Оның айтуынша, электрондық және проактивті форматта көрсетілетін қызметтердің үлесін арттыру мақсатында мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Халыққа қызмет көрсету тәсілдері мен процестерін өзгерту бойынша жұмыс басталды, Мемлекеттік қызмет көрсетуді трансформациялау және реинжиниринг бойынша ұсыныстар әзірленді.
"Қызмет алушыларға ыңғайлы болу мақсатында біз зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауға өтініштерді эксаумақтық қабылдау бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Енді азаматтар қай жерде орналасқанына қарамастан, кез келген халыққа қызмет көрсету орталығында зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауға өтініш бере алады. Қызметтерді кезең-кезеңмен ауыстыруды ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап іске қосу жоспарлануда", - деп толықтырды Е.Оспанов.