ӨҢІР БАСШЫСЫ ОҚИҒА ОРНЫНДА БОЛДЫ

ӨҢІР БАСШЫСЫ ОҚИҒА ОРНЫНДА БОЛДЫ

Облыс әкімі Трекино ауылында 2 адам улы газбен уланған оқиға орнында болды.

Осыған дейін белгілі болғандай 65 жастағы зейнеткерлер Бәйтерек ауданындағы жеке меншік үйінде улы газбен уланған болатын.
Оқиға орнына барған "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ мамандарының айтуынша оқыс оқиғаның орын алуының бірнеше себептері болған. Атап айтсақ, Ресейдегі газ құбырының апатына байланысты газ қысымының төмендеуі, қатты аяз, электр қуатының үзілуі. Сондай-ақ, үйді жөндеуден кейін газ беруді автоматты түрде өшіретін сенсор бөлшектелгені белгілі болды. Нәтижесінде түтін мұржасында мұз кептелісі пайда болып, улы газ тұрғын үйге тараған.

Өңір басшысы қайтыс болған ерлі-зайыптылардың жақындары мен туыстарына көңіл айтып, қайғылы оқиғаның нақты себептерін анықтауды, сондай-ақ қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетуді тапсырды.

Ауылдық округ әкімі РЭҚ маманымен бірге электр энергиясы мен ұялы байланыстың ажырау себебін зерттеді.
Тексеру қорытындысы және осындай жазатайым оқиғаларды азайту бойынша қажетті шаралар жақын арада облыс әкімдігінде қаралатын болады.

Үй-жайда улы газдың пайда болуын қандай белгілер бойынша анықтауға болатынын және улану кезінде көрсетілетін алғашқы көмек туралы назарларыңызға береміз.

ҮЙ-ЖАЙДА УЛЫ ГАЗ БАР ЕКЕНІН ҚАЛАЙ БІЛУГЕ БОЛАДЫ?
Ол жану кезінде пайда болғандықтан, белгілердің бірі түтіннің иісі болуы мүмкін, бірақ өте әлсіз.
Тағы бір белгісі – денсаулықтың нашарлауы: кенеттен жүрек айну, бас айналуы, ағзаның әлсіреуі. Мұндай белгілер баақа да аурулардың белгісі болуы мүмкін. Дегенмен, сіз бастың айналуына, бастың ауруына, жүректің айнуына, құсу, құлақтағы шуға, ентігу, жөтел және көздің жасаурауына міндетті түрде көңіл бөліңіз. Бұл иіс тиюдің симптомдары болуы мүмкін.

ЕГЕР СІЗ БӨЛМЕДЕ УЛЫ ГАЗ БАР ДЕП ОЙЛАСАҢЫЗ, НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Бірден бөлмеден шығып, таза ауаға шығыңыз. Егер сіз бөлмеден шыға алмасаңыз, терезелерді ашыңыз. Өрт сөндірушілерге қоңырау шалыңыз-сізге бригада тез арада келеді.

УЛАНУ КЕЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК
* Зардап шегушіні таза ауаға шығарыңыз;

* Улы газдың иісін жою;
* Бөлмені желдетіңіз (терезелер мен есіктерді ашыңыз) және бөлмеден шығыңыз;
* Егер зардап шегуші есінен танып қалса, таза ауаның үздіксіз қол жетімділігін және мүсәтір спиртінің қысқа мерзімді ингаляциясымен қамтамасыз ету, денені ысқылау;
* Егер зардап шегуші ес-түссіз болса, есін жинағанға дейін немесе жедел жәрдем келгенге дейін дереу жасанды тыныс алуды бастау қажет;
* Жедел жәрдем дәрігеріне улы газбен улану күдігі туралы хабарлау.