Бүгін облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы БҚО филиалы төрағасы Ғали Есқалиев онлайн форматта азаматтарды қабылдады

Бүгін облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы БҚО филиалы төрағасы Ғали Есқалиев онлайн форматта азаматтарды қабылдады



Тұрғындарды қабылдау бейнебайланыс форматында өтті.
Бейне байланыс форматындағы қабылдауға Орал қаласының және аудан әкімдері, облыстық басқарма басшылары қосылды.

Қабылдау барысында өңір тұрғындары жұмысқа орналастыру, құқықтық сипаттағы мәселелердi, сондай-ақ тұрғын үй мәселелері көтерді.

Облыс әкімі әр мәселені егжей-тегжейлі қарап шығып, қала және басқарма басшылығына өтініш білдіргендерге заңнамаға және қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды.

Айта кетейік, облыс әкімінің қабылдауына жазылу үшін тұрғындарға 8 (7112) 24-20-36, 24-20-57, 24-20-51 нөмірлері бойынша қоңырау шалу керек. Қабылдауға тіркеу сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі.