
Кибермәдениет айы аясында Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі цифрлық қауіпсіздік пен интернеттегі мінез-құлық туралы үздік бейнероликке байқау жариялайды.
Киберқауіпсіздік туралы қарапайым, түсінікті әрі креативті түрде айтуға болатынын көрсетіңіз. Бұл пайдалы кеңес, өмірлік жағдай, қысқа оқиға, юморлық ролик немесе ерекше идея болуы мүмкін.
🎁 Жүлделер
1-орын — ноутбук
2-орын — ноутбук
3-орын — планшет
4-орын — планшет
5-орын — смартфон
6-орын — смартфон
📅 30 қыркүйек — жеңімпаздарды жариялау.
Сіздің дауысыңыз кімнің жеңімпаз атанатынын шешеді!
Не істеу керек?
Кибермәдениет және киберқауіпсіздік тақырыбында бейнеролик түсіріп, оны Instagram-да жариялау қажет.
Кез келген өзекті тақырыпты таңдауға болады: дербес деректерді қорғау, қауіпсіз құпиясөздер, интернет-алаяқтық, дипфейктер, цифрлық гигиена және цифрлық ортадағы қауіпсіз мінез-құлыққа қатысты басқа да мәселелер.
Қатысу шарттары
байқауға 2026 жылғы 1–20 қыркүйек аралығында қатысуға болады;
бейнеролик тігінен түсірілуі және ұзақтығы 60 секундқа дейін болуы керек;
жұмыс түпнұсқа және қатысушының өзі жасаған болуы тиіс;
бейнероликті Instagram-да жариялау қажет;
Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің ресми аккаунтынміндетті түрде белгілеу керек;
#didgitalkazakhstan2026; #cybermonth хэштегтерін пайдалану қажет;
бір қатысушыдан конкурсқа бір жұмыс қабылданады;
байқау аяқталғанға дейін Instagram аккаунты ашық болуы тиіс;
ролик авторлық құқықтарды, ҚР заңнамасын және Instagram ережелерін бұзбауы керек.