БҚО-да элиталы тұрғын үй келер жылы қыркүйек айында пайдалануға берілмек

БҚО-да элиталы тұрғын үй келер жылы қыркүйек айында пайдалануға берілмек

 

Қадыр Мырза Әли шағынауданында сегіз  қабатты элиталы тұрғын үй бой көтеруде. «Alem Group Kazakhstan» ЖШС-ның тапсырысы бойынша аталмыш үйді «Biali Group  Kazakhstan» ЖШС мердігер мекемесі жүзеге асыруда. Тұрғын үй құрылысының аумағы 1,3 гектарды алады. Сондай-ақ мұнда 134 пәтер болмақ. Осы және шаһарда бой көтеріп жатырған өзге де нысандардың құрылыс жұмыстарының  жай-жапсарымен танысу үшін бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиев бірқатар нысандарды аралаған болатын.

- Құрылыс жұмыстарын 2018 жылдың мамыр айында бастаған едік. 100-ден астам жұмысшы еңбек етуде. Олардың барлығы жергілікті тұрғындар.  Пәтерлердің барлығы элиталы-комфорт классты. Тұрғын үйдің қасбетіне травертин секілді табиғи тастар қолданылады. Бөлмелердің биіктігі 3 метр. Бірінші қабат коммерциялық бағытта болғандықтан, жалға берілмек. Яғни мұнда балалардың спорттың алаңдары болады. Пәтерлердің шаршы метрі 190-нан басталады. Тұрғын үй келесі жылы қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Пәтерлердің әр шаршы метрі 280 мың теңгеден сатылымға шығарылатын болады. Сондай-ақ «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшыларына «Өз үйім» бағдарламасы бойынша несие рәсімдеп алу мәселесі қаралып жатыр, - деді «Alem Group Kazakhstan» ЖШС директорының бірінші орынбасары Нұрболат Қылышев.

Өз кезегінде облыс әкімі мемлекет тарапынан қандай қолдау қажеттігін сұрап, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Гүлсезім Бияшева,

zhaikpress.kz</str