Облыс әкімі Ғали Есқалиев азаматтарды онлайн форматында қабылдауды жалғастыруда

Облыс әкімі Ғали Есқалиев азаматтарды онлайн форматында қабылдауды жалғастыруда



Бүгін өңір басшысы қабылдауға жазылған азаматтармен өзінің кезекті онлайн кездесуін өткізді.
Бейне байланыс форматындағы қабылдауға Орал қаласының әкімі, облыстық басқарма басшылары да қосылды.
Өтініш білдірген азаматтардан тек өздерін мазалайтын жеке сұрақтар емес, білім сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар да келіп түсті.
Қабылдау барысында облыс әкіміне жаңа менеджерлерді даярлау саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты талқылау мәселесі көтерілді.
Сондай-ақ, қабылдауға жазылған азаматтар медицина қызметкерлерінің КВИ жұқтыруына байланысты біржолғы әлеуметтік төлемді алу және тұрғын үй мәселесі бойынша туындаған сұрақтармен жүгінді.
Айта кетейік, облыс әкімінің қабылдауына жазылу үшін тұрғындарға 8 (7112) 24-20-36, 24-20-57, 24-20-51 нөмірлері бойынша қоңырау шалу керек. Қабылдауға тіркеу сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі.