ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ

 

Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай Орал қаласындағы Жеңіс алаңында гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, соғыс жылдарында Отан үшін от кешіп, ел тәуелсіздігі мен бейбіт өмірі жолында жанын қиған жауынгерлердің рухына тағзым етті.

Жиында майдан даласында ерлік көрсеткен ардагерлер мен тылда еңбек еткен жандардың қайсарлығы ерекше құрметпен еске алынды. Қатысушылар мемориалға гүл шоқтарын қойып, ел басына күн туған шақта ерлік пен төзімділіктің үлгісін көрсеткен аға буынға тағзым жасады.

Мәңгілік алау – батырлар рухына деген мәңгілік құрметтің символы!