
Аймақ тарихында айрықша орын алатын бұл ауқымды шараның ашылуына:
🔹БҚО әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев;
🔹БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов;
🔹ҚР Құсбегілік федерациясы вице-президенті Бағдат Мүптекеқызы және құсбегіліктен ҚР Мемлекеттік жаттықтырушысы Базарбек Күнтуған қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.💫
❄️Қысқы думанға 500-ден астам қатысушы жиналып, фестиваль аясында қысқы, ұлттық және заманауи спорт түрлері кеңінен қамтылып, қала тұрғындары мен қонақтарына барлық спорт алаңдарында тегін қатысу мүмкіндігі ұсынылды.
🦅Сонымен қатар, фестиваль шеңберінде құсбегіліктен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының ХІХ чемпионатының салтанатты ашылуы өтіп, дүбірлі додаға еліміздің әр өңірінен жиналған саятшылар қатысты.
Баршаңызды қысқы спорт мерекесіне белсенді қатысуға шақырамыз! ❄️🏆
—————-
#bqo_sport