БЫЛТЫРҒЫ БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

БЫЛТЫРҒЫ БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ



Аймақ басшысы Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен өткен аппарат кеңесінің отырысында облыстық бюджеттің орындалуы туралы мәселе қаралды. Сала басшысы Нұрлан Есенғалиев өткен жылы облыстық және 11 аудандық бюджеттің кіріс жоспары асыра орындалғанын айтты. Облыстық бюджет бойынша меншікті кірістер, атап айтқанда, корпоративтік табыс салығы 1,2 млрд теңге, жеке табыс салығы 6,3 млрд теңге және әлеуметтік салық 3,8 млрд теңгеге өсіп, барлығының өсім қарқыны 100%-дан жоғарылады.

Жиында қазына қаржысын мақсатына сай уақытылы игеру туралы айтылды. Республикалық бюджетке тәуелді іс-шараларды қоспағанда, жергілікті деңгейде орындалуы тиіс жобаларды жауапкершілікпен атқарудың маңызы сөз болды.

Облыс әкімі Орал қаласы мен барлық аудан әкімдеріне 2025 жылдың қорытындысымен қалған бос қалдықтарды қаржы басқармасының келісімімен қолдануды, биыл да жергілікті бюджеттің кірістер жоспарын орындау бойынша жүйелі жұмыстануды тапсырды. Жоспардан артық түскен қазына қаражаттары даму бюджетін кеңейтуге бағытталады.