Орал қаласында жаңа мектеп есігін ашты!

Орал қаласында жаңа мектеп есігін ашты!

 

Бүгін Орал қаласында «Келешек мектептері» жобасы аясында заманауи талаптарға сай жабдықталған мектептің ашылу салтанаты өтті.Салтанатты шараны Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев құттықтау сөзбен ашып, білім ордасының болашақ ұрпақ үшін маңыздылығын атап өтті.

Жаңа білім ордасы – республика көлемінде жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» жобасы аясында ашылып отырған облыстағы жетінші мектеп. Мектеп заманауи пәндік кабинеттермен, қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталып, оқушыларға сапалы білім мен қолайлы тәрбиелік орта ұсынады.

Шараға облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин, ардагер ұстаздар мен мердігер ұйым өкілдері қатысты.

Салтанатты лента қию рәсімін облыс әкімі Нариман Төреғалиев пен ардагер ұстаз Жаңылсын Хамзақызы өткізсе, Үзілдік Елубайқызы жүрекжарды құттықтауын жеткізді. Мектеп кілті ресми түрде табысталып, қатысушылар жаңа ғимаратпен танысты.

Жаңа мектеп – жарқын болашақтың кепілі!