«Жыл үздігі – 2025»: Батыстың жарқын жастары марапатталды

«Жыл үздігі – 2025»: Батыстың жарқын жастары марапатталды

 

Батыс Қазақстан облысында жастардың қабілеті мен белсенділігін қолдауға бағытталған «Жыл үздігі – 2025» жастар сыйлығының жеңімпаздары анықталды.

Салтанатты шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, ерекшеленген жастарды жүлделі марапаттарымен құттықтады. Өңір басшысы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздарын марапаттап, «Жайық жастары» тұрғын үй бағдарламасы бойынша жас отбасыларға тұрғын үй кілтін табыс етті.

Биылғы жылдың қорытындысы бойынша әртүрлі номинацияларда үздік шыққан жастар марапатқа ие болды. Солардың қатарында «Үздік жас ақын», «Үздік студент»,«Үздік жас ғалым»,«Үздік жас талант», «Үздік жас кәсіпкер», «Үздік ауыл патриоты», «Үздік жастар ұжымы», «Үздік жұмысшы маман»,«Үздік медиа маман» және «Жыл жаңалығы» аталымы бойынша жыл үздіктері анықталды.

«Жыл жаңалығы» аталымы бойынша Тасқала ауданының тумасы, жерлесіміз – «Қайрат» футбол клубының ойыншысы Еркін Тапалов марапатқа ие болды.