«Адал азамат - қоғам тірегі» атты дөңгелек үстел өтті

«Адал азамат - қоғам тірегі» атты дөңгелек үстел өтті

 

   «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет» халықаралық науқаны жыл сайын Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен өтуде.

Бүгін 16 күнге созылған акция «Заң мен тәртіп» идеологемасы негізінде «Адал азамат - қоғам тірегі» атты дөңгелек үстел отырысымен қорытындыланды.

         Шараның спикерлері Батыс Қазақстан облысы прокурорының аға көмекшісі  Ш.Әлібекова, Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы, полиция майоры Д.Сатарова, «Stop Bullying» Қоғамдық бірлестігінің  құрылтайшысы төрағасының орынбасары, Батыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның мүшесі А.Сабуровалар өз салалары бойынша атқарылып жатырған жұмыстарын баяндады.

Ал, Батыс Қазақстан облысы Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Г.Шукеева, Білім және менеджмент институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Ә.Тасмағамбетов, «Қазақстанның Әкелері» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша құрылтайшысы С.Ихсанов, «Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан Халықаралық Бюросы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының басшысы П.Кочетков, облыстық Аналар кеңесінің мүшесі, ардагер ұстаз Т.Сейтақовалар бала тәрбиесі, отбасылық құндылықтарды сақтау бағытында сөз қозғады.

Жастар - еліміздің болашағы. Бүгінгі бәсекеге қабілетті талап еткен қоғамда жас ұрпақты сол қоғам мүддесіне сай, елін, жерін қорғайтын ұлтжанды, адал азамат етіп тәрбиелеуіміз қажет.

 Шара соңында қатысушылар ой бөлісіп, өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.