Облыс әкімі Ғали Есқалиев қысқа дайындықты пысықтады

Облыс әкімі Ғали Есқалиев қысқа дайындықты пысықтады

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Орал қаласындағы "Жайық Таза Қала" мекемесінің техникалық базасы мен олардың қысқа дайындығын пысықтап,  жұмысшылармен кездесті.

Былтырдан бастап "Жайық Таза Қала" мекемесi 38 жаңка техникамен толықты. Мекемеде жұмысшылар екі ауысымда күндiз және түнде еңбек  етеді. Олар арнайы қысқы және жазғы киімдермен толық қамтамасыз етілген. Қала бойынша 600 шақырым жол бар. Алдағы аптадан бастап қосымша 50 адамды жұмысқа алуды жоспарлап отырмыз.

Жалпы мекемеде 140 техника және 679 жұмысшы бар. Соңғы екi жыл ішінде аутокешен жаңаланды. Қысқы мерзімге сақадай саймыз. Мұздақ кезінде жол көк тайғақ болмас үшін 14 мың тонна материал дайындап қойдық, - дейдi "Жайық Таза Қала" мекемесінің директоры Ринат Нұрғалиев.

Гүлсезім Бияшева,

zhaikpress.kz