«Цифрландыру және ақпараттық-коммуникация технологиялары қызметкерлерінің күніне арналған» шара БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ

«Цифрландыру және ақпараттық-коммуникация  технологиялары қызметкерлерінің күніне арналған» шара  БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ

 

Өткізілетін орны: “Аманат” концерт залы Ж.Молдағалиев 19

Өтетін уақыты:  14 қараша, сағат 15:00 де.

 

                 Ұйымдастырушылар: «Батыс Қазақстан облысы цифрлық технологиялар басқармасы».

                 Қатысушылар: Батыс Қазақстан облысының ІТ және телекоммуникация саласының мамандары.

 Мақсаты: «Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні» аймақтағы IT қауымдастығы мен сала мамандары үшін кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға, жаңа идеяларға шабыт беруге және цифрлық бастамаларды қолдауға бағытталған маңызды алаң болды.

 

Батыс Қазақстан облысында Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні аталып өтті

 

Бүгін облыстық «AMANAT» концерт залында Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Шараға мемлекеттік органдар өкілдері, IT саласының мамандары, инженерлер, байланыс операторлары, цифрлық жобалар әзірлеушілері және өңірдің жас инновация көшбасшылары қатысты.

Мерекелік іс-шараның мақсаты — өңірдің цифрландыру саласындағы үздік мамандарын марапаттау, озық жобаларды таныстыру және инновациялық бастамаларды қолдауды жалғастыру болды.

Салтанатты жиынды ашқан жүргізушілер цифрландырудың қоғам дамуы үшін маңызын атап өтті.
Құттықтау сөзді Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Ораз Нұрділдә Серікұлы сөйлеп, цифрлық трансформацияның өңір дамуына қосқан үлесін және сала мамандарының еңбегін ерекше атап өтті.

Шара барысында облыс әкімі Нариман Төреғалиұлы Төреғалиевтің және аппарат басшысы Нұрділдә Серікұлы Ораздың Алғыс хаттары табысталды. Марапат иегерлері қатарында байланыс саласының инженерлері, IT мамандары, call-орталық операторлары, ірі байланыс операторларының өңірлік өкілдері мен цифрлық инфрақұрылым қызметкерлері бар.

Сонымен қатар:

  • «Ақпараттық технологиялар саласының үздік мамандары – 2025»,
  • «IDEA BATTLE» үздік жобасы,
  • «WEST CUP» киберспорт чемпионатының жеңімпаздары
    арнайы номинациялар бойынша марапатталды.

Салалық Министрлік атынан марапат

Шара барысында цифрлық индустрияның дамуына үлес қосқан мамандарға ҚР Жасанды интеллект және цифрландыру министрлігі атынан Алғыс хаттар табысталды.

Марапат иегерлері арасында Softlance, Suncar MC, Torus.kz, БҚО Ақпараттық технологиялар орталығы сынды ұйымдардың сарапшылары, инженерлер мен жобалық бөлім қызметкерлері бар.

Шара аясында Бөкейорда ауданының жас фермері Саян Баетовтың ауыл шаруашылығын цифрландырудағы үздік тәжірибесіне арналған арнайы бейнеролик көрсетілді. Ол малға су беру жүйесін автоматтандыру, онлайн мониторинг және есеп жүргізу технологиялары арқылы ауылдағы еңбек өнімділігін арттырған тұлға ретінде таныстырылды.

Салтанатты шара жас өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен өткен мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты. Көрермендер назарына халық билері, патриоттық әндер және заманауи музыкалық композициялар ұсынылды.

Шара соңында ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, Қазақстанның цифрлық болашағын дамыту жолындағы бірлескен жұмыстың жалғаса беретінін атап өтті.

 

Жауапты: «Батыс Қазақстан облысы Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ-сі;

Байланыс телефондары:

Сұлтанғалиев Махамбет Амантайұлы - 8777 665 21 24