Облыс әкімі Ғали Есқалиев азаматтарды онлайн форматында қабылдауды жалғастыруда

Облыс әкімі Ғали Есқалиев азаматтарды онлайн форматында қабылдауды жалғастыруда

Бүгін өңір басшысы қабылдауға жазылған азаматтармен бейнебайланыс форматында кездесу өткізді. Осылайша карантиндік режим талаптарының сақталуы қамтамасыз етілді.
Сондай-ақ, бейне байланыс форматындағы қабылдауға Орал қаласының және аудан әкімдері, облыстық басқарма басшылары қосылды.
Өтініш білдірген азаматтардың басым бөлігі тұрғын үй және жұмыспен қамту жөніндегі мәселелерді көтерді.
Қабылдау барысында облыс әкіміне бiрнеше жыл баспана жалдап жүрген Шыңғырлау ауданының тұрғыны өз сауалын қоя алды. Мемлекеттік мекемеде жұмыс істейтін көп балалы әйелді қызметтік тұрғын үй алу мүмкіндігі қызықтырды.
Өңір басшысының тапсырмасы бойынша ауданда тұрып жатқан қызметтік тұрғын үй алаңдары мен онда тұратын азаматтардың санына талдау жүргізілетін болады. Қызметтік тұрғын үйді ұтымсыз пайдалану анықталған жағдайда ауылда жұмыс жасап жатырған баспанаға мұқтаж азаматтарға тұрғын үй алаңдарын бөлу жұмыстары жүзеге асырылатын болады.
Қабылдау барысында қалалық жалпы орта білім беретін мектепте (ЖОМ) маусымдық түрде жұмыс істеген көп балалы қала тұрғынын тұрақты негізде жұмысқа орналастыру мәселесі көтерілді. Жолдасы да осы уақытқа дейін Атырау облысында вахталық әдіспен жұмыс істеген. Бүгінгі күні елден тыс жерлерде маусымдық түрде жұмыс істейді.
Облыс әкімі өтініш білдірген азаматтар тұратын аудандағы бос орындардың бар-жоғын тексеруді, сондай-ақ жалпы халықтың әлеуметтік осал топтарынан жұмысқа мұқтаж еңбекке қабілетті азаматтарға жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы хабарлауды тапсырды. Мысалы, егер мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің бірі зейнет жасына толуына байланысты немесе көшу себебінен жұмыс орны босаған жағдайда және т.б.
Сонымен қатар, Ғали Есқалиев өтініш білдірген тұрғынның жұбайының түйіндемесін облысымызда жұмысқа орналасуын қарастыру үшін қалдыруын ұсынды.
Аймақ басшысы әрбір мәселені жеке тыңдап, қала, аудан және басқарма басшылығына өтініш білдірген азаматтарға заңнамаға және қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды.
Айта кетейік, облыс әкімінің қабылдауына жазылу үшін тұрғындарға 8 (7112) 24-20-36, 24-20-57, 24-20-51 нөмірлері бойынша қоңырау шалу керек. Қабылдауға тіркеу сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі.