«Таза Қазақстан»: Оралда студенттермен экологиялық бағытта кездесу өтті

«Таза Қазақстан»: Оралда студенттермен экологиялық бағытта кездесу өтті

 

Орал қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында студенттермен кездесу өтті. Шара барысында жастарға қоршаған ортаны қорғау, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«Орал Таза Сервис» ЖШС директоры Данагулов Рафхат Мырзахметович сөз алып, акцияның маңыздылығына тоқталды. Ол қоқысты қайта өңдеудің экологиялық қауіпсіздік пен экономикалық тиімділігін атап өтіп, жастарды табиғатты аялауға және қоғамға үлес қосуға шақырды.

Кездесу барысында студенттер белсенділік танытып, экология тақырыбына қатысты сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Мұндай шаралар жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, олардың жауапкершілігін арттыруға зор ықпал етеді.

Экологиялық бастамаларға жастардың қызығушылығы жоғары екендігі байқалды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл тек экология саласындағы білімді арттырып қана қоймай, еріктілік мәдениетін де нығайта түседі.

Бұл бастама – тек алғашқы қадам ғана. Алдағы уақытта да «Таза Қазақстан» акциясы жалғасын тауып, жаңа форматтағы кездесулер, сенбіліктер мен экологиялық жобалар арқылы қоғамның табиғатқа деген жанашырлығын күшейтетін болады.

«Таза Қазақстан» акциясы — бұл тек қана қоршаған ортаны қорғауға бағытталған экологиялық шара емес, бұл қоғамның, әсіресе жастардың сана-сезімінде тазалық пен жауапкершілік ұғымын терең қалыптастыруға бағытталған кешенді бастама. Акцияның мақсаты — табиғатты қорғауға үндеу жасап қана қоймай, экологиялық мәдениетті өмір салтына айналдыру, жастарды табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.

#ТазаҚазақстан #чистая страна #экология #TazaChallenge